27 сәуір 2021 | 12:54

Алматыда автобус тепловозбен соқтығысты

Видеодан алынған

Автобус жүргізушісі теміржол бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысты. Видеода апаттан кейін зақымданған қоғамдық көлік көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Автобус жүргізушісі теміржол бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысты. Видеода апаттан кейін зақымданған қоғамдық көлік көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан зақымданған автобус пен тепловоз жолды бөгеп, қозғалысқа кедергі келтіріп тұрғаны көрінеді. Видео авторы жолдағы жағдайды басқа жүргізушілерге ескерткен.

Реклама
Реклама

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері апат 27 сәуірде сағат 09.30-да Бекмаханов көшесі 81-үйге қарама-қарсы жолда болғанын айтты.

"74 нөмірлі ЛиАЗ маркалы автобус жүргізушісі Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып, оңтүстік бағытта рельспен келе жатқан тепловозбен соқтығысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Факт Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлерімен өндіріске қабылданды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде пойыз Шамалған өткелінде автобуспен соқтығысқан болатын. Автобус жүргізушісі қаза тауып, әйел мен екі бала жарақат алған еді. Кейін сот өткелдегі кезекші реттеушіні апатқа кінәлі деп тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная