Алматыда автобус троллейбуспен соқтығысты

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылды. Полиция мәліметі бойынша, 59 жастағы әйел зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылды. Полиция мәліметі бойынша, 59 жастағы әйел зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Бұған дейін желіде оқиғаға қатысты видео пайда болды. №65 автобус аялдамада тұрған №25 троллейбусқа соқтығысқан.

Реклама
Реклама

Кадрларда автобустың алдыңғы бөлігі зақымданғаны көрінеді: терезелері сынған және есігі майысқан. Жазба авторы троллейбустың да артқы терезесі сынғанын айтады.

Полиция пікірі

Алматы полициясы мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:50-де Достық даңғылында болған.

"№65 автобус жүргізушісі аялдамада жолаушыларды отырғызып және түсіріп жатқан троллейбусқа соқытығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан 1966 жылы туған жолаушы зардап шекті. Ол автобуста болған. Оқиғаны Медеу ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр", – деді баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама