Алматыда автобус тұрақтағы көліктерді соғып кеткен

Алматыда автобус тұрақтағы көліктерді соғып кеткен Видеодан кадр

Алматыда гармошка-автобус көше шетінде тұрған екі көлікті соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда гармошка-автобус көше шетінде тұрған екі көлікті соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 20 қазанда таңертең сағат 05.50-де болған. Полиция мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

"1982 жылы туған жүргізуші Мұстафин көшесінен солтүстікке қарай айдаған. Содан қарсы бетте жол шетінде тұрған көліктерді соғып өткен. Бұл дерек тіркелді және қазір оны Бостандық ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр", - деді Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Осы оқиғадан кейін түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама