ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2019 | 09:07
Алматыда автобусқа мінген жолаушы әйел аяғын сындырды
Алматыда автобусқа мінген жолаушы әйел аяғын сындырды. Оған жүйткіген автобустың бірден тоқтауы себеп болған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда автобусқа мінген жолаушы әйел аяғын сындырды. Оған жүйткіген автобустың бірден тоқтауы себеп болған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Телеарнаның мәліметінше, жүргізуші жарақат алған жолаушыға көмек көрсетудің орнына оны жарты жолдан түсіріп кеткен. Тек көшедегі адамдар жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетіпті.
"Мені жолда қалдырып кеткендеріне қатты ренжідім. Тым құрығында жедел жәрдем шақыруға болар еді ғой. Ауруханаға апарайық деуге де жарамады. Сондықтан адам өміріне жауапсыз қараған жүргізушіге қатысты істің сотқа дейін барғанын қалаймын", - деді зардап шегуші зейнеткер Айжан Кәрменова.
Енді № 405 автобус жүргізушісінің бұл бассыздығын кейін автопарк басшылары мен полицейлер оған қатысты заң аясында шара қолданбақ. Телеарнадағылардың мәліметінше, тасымалдаушы компанияның басшылары зейнеткердің барлық шығыны мен өтемақысын төлеп, жан-жақты көмек көрсететіндерін мәлімдеген.
"КамАЗ-орталығына келген кезде кенет қарсы алдыма бір көлік келіп тоқтай қалды, сондықтан мен бірден тежегішті басуға мәжбүр болдым. Әлгі кiсi автобустың алдыңғы жағында тұрған. Салонда жолаушы өте көп болды", - дейді автобус жүргізушісі Ербол Жақитов.
"Автобус жүргізушісіне қатысты екі хаттама толтырған болатын. Бірі - әкімшілік, екіншісі қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы. Ал зардап шегуші кейуана медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр. Бүгінде қарияның денсаулығына келтірген ауырлық деңгейін анықтау мақсатында сот медициналық сараптама тағайындалды. Егер сараптама жарақатты жеңіл немесе орташа деңгейде деп тапса, онда бұл іс әкімшілік заңнаманың аясында қаралады. Егер жолаушының денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіргені анықталса, онда қылмыстық іс қозғалады", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Показать комментарии
Читайте также