Алматыда автобуста оғаш әрекет жасаған ер адам қамауға алынды

видео кадры

Алматыда автобуста оғаш әрекет жасаған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда автобуста оғаш әрекет жасаған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны +7 777 001 44 99 WhatsApp-нөміріне редакцияға видео жолдап, шағымын жеткізді. Ол 21 қарашда таңертең Алматыдағы автобустардың бірінде оғаш көріністің куәсі болған. Оның айтуынша, жанындағы орындықта отырған ер адам жыныс мүшесін ашып, күртесінің астынан мастурбация жасай бастаған. Ол ер адамды видеоға түсіріп үлгерген.

Оқырман хабарламасына қатысты Алматы полициясы жауап берді. Жергілікті полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізген.

Реклама
Реклама

"Нәтижесінде құқық бұзушы 1989 жылы туған ер адам ұсталып, ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы әкімшілік сотының қаулысы бойынша, ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Этикалық себептерге байланысты Tengrinews.kz бұл видеоны жарияламайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама