Алматыда автобустағы ер адам оғаш әрекеттер жасап жасөспірім қызды шошытқан

Алматыда автобустағы ер адам оғаш әрекеттер жасап жасөспірім қызды шошытқан Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда полицейлер қоғамдық көлікте оғаш әрекеттер жасаған ер адамның видеосын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда полицейлер қоғамдық көлікте оғаш әрекеттер жасаған ер адамның видеосын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде адам лық толы автобуста оғаш әрекеттер жасаған ер адамның видеосы тарады.

Жарнама
Жарнама

"Ер адам №95 автобусқа мініп, кәмелетке толмаған қыздың қасында тұрып, әдепсіз әрекеттерімен оның зәресін алған", - делінген ролик сипаттамасында.

Полиция жауабы

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметіәнше, тәртіп сақшылары тараған бейнежазба бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

"Оқиға орны мен уақыты, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басы анықталып жатыр. Барлық мән-жайы анықталғаннан кейін кінәлі тұлға жауапқа тартылады", - деп нақтылады ведомство өкілдері.

Полиция мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп нормаларын өрескел бұзатынын және мұндайға жол берілмейтінін ескертті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама