ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2020 | 09:37
Алматыда әйел адам 15-қабаттан секіріп кеткен
Алматыда әйел адам көпқабатты үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда әйел адам көпқабатты үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, бұл оқиға кеше таңғы сағат 11-лерде Бостандық ауданында болған. Куәгерлер оның денесі бөлшектеліп қалғанын айтады.
"Мен жүк тасымалдаушымын. Осы кешеннен шақырту алып, көлігіме мына үйдің жиһаздарын тиеп жүрдім. Бір уақытта күзетші жігіттердің айқай-шуы естіле бастады. Жоғарыға қарағанымша қыз баланың дене бөліктері әп-сәтте алдымда жатты. Қатты биіктен секіргендіктен ағза мүшелері жан-жаққа шашырап кетті", - дейді куәгер Евгений Солдатенко.
Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметін де сол маңдағы куәгерлер шақыртқан екен. Тәртіп сақшылары марқұмның кім екенін анықтап жатыр. Тергеу барысында әйелдің жүйке ауруымен ауыратынын анықтаған. Қалалық полицейлер келіншекті суицидке не итермелегені осы тергеу барысында анықталуы тиіс деп отыр.
"15-қабаттағы балконның терезесінен жас әйел секіріп түсіп өкінішке орай оқиға болған жерде жан тәсілім етті. Анық болғандай бұл азаматша жүйке ауруына шалдыққан. Арнайы есепте тұрады. Болған оқиғаның толық мән-жәйлары және себеп-салдары алдағы сот алды тергеу кезінде анықталатын болады", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также