19 мамыр 2021 10:40

Алматыда әйелді автобус қағып өлтірді

Видеодан алынған

Алматыда Жангелдин көшесінде № 208 автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиғаның мән-жайын тасымалдаушы компания өкілі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Жангелдин көшесінде № 208 автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиғаның мән-жайын тасымалдаушы компания өкілі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат пен видео Instagram әлеуметтік желісіндегі chp_kz-парақшасында пайда болды.

"Куәгерлердің айтуынша, № 208 автобус Жангелдин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Пестковский көшесі қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінен әйел өтіп бара жатты. Жүргізуші оны көріп, тоқтауға тырысты, бірақ ол мүмкін болмады. Автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде 1975 жылы туған әйел алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды", - делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Оқиғаға қатысты тасымалдаушы компания "БаТу Транс" ЖШС-да түсінік берді.

"19 мамырда таңғы сағат 6.20-да № 208 автобус жүргізушісі Жангелдин көшесі бойымен солтүстік бағытта Пестковский көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті. Толық ақпарат анықталып жатыр. Сол жерде тиісті органдар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді "БаТу Транс" ЖШС өкілі.

Компания өлім жағдайы туралы ақпаратты растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram