1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда әйелді автобус қағып өлтірді

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді автобус қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан алынған кадр

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді автобус қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Момышұлы көшесіндегі "Алматы Арена" маңында болған жол апаты туралы ақпарат тарады. Автобус жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кеткені хабарланған.

Полиция қызметкерлері 9 желтоқсанда сағат 6:10 шамасында Saz HC 40 маркалы автобус тізгініндегі жүргізуші Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, 65-үй маңында 1961 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады.

Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!