ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2022 | 12:21
Алматыда бағдаршамдар өшуі салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болды
Алматының орталық көшелерінің бірінде бағдаршамдар өшіп, салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының орталық көшелерінің бірінде бағдаршамдар өшіп, салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
7 сәуірде таңертең Төле би көшесінде бірден бірнеше бағдаршам сөніп қалған. Куәгерлердің айтуынша, Розыбакиев көшесінен Мұқанов көшесіне дейін бағдаршамдар жұмыс істемеген.
Сонымен қатар, Әуезов көшесінде - Төле биден Құрманғазы көшесіне дейін бағдаршамдар істемегені айтылды.
"Алатау жарық" компаниясы мәліметінше, кептеліске электр қуатының өшуі себеп болған. Оған Айманов - Төле би - Әуезов - Қарасай батыр көшелері аумағы кірген.
"Себебі анықталып жатыр. Алмалы ауданында орналасқан бірқатар ғимаратта электр қуаты екі сағат ішінде қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықты ескеріп, бағытыңызды алдын ала реттеуді ұсынамыз. Алматы қаласы бойынша анықтама телефоны: 356-99-99", - деді компания өкілдері сағат 11.30-да.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также