ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2021 | 11:21
Алматыда балабақша тәрбиешісі балаларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалды
Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.
Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
"Қылмыстық іс материалы Жетісу аудандық полиция бөлімі өндірісінде. Тергеу деректің мән-жайын зерделеп, тәрбиеші әрекетіне құқықтық баға береді, соған сәйкес ол жауапкершілікке тартылады", - делінген ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также