11 қараша 2021 14:31

Алматыда белгісіз біреулер жүріп бара жатқан автобус төбесінде отшашу атқан

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматыда белгісіз біреулер жүріп бара жатқан жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгісіз біреулер жүріп бара жатқан жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан түнде Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы аялдамада автобустың қалай тұрып қалғанын көруге болады. Бұл уақытта куәгерлер көліктің төбесінде отшашу атқан екі адамды байқаған.

Осыдан кейін автобус қозғала бастаған, бірақ бірнеше метрден кейін қайта тоқтайды. Отшашуды ұйымдастырушылар автобустан секіріп үлгерген.

Реклама
Реклама

"Алматы полиция департаментінің тиісті бөлімшелері бұзақыларды анықтау, оларды ұстау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram