Алматыда бизнес-орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

Алматыда бизнес-орталықтың келушілері мен қызметкерлері күмәнді сөмке үшін эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда бизнес-орталықтың келушілері мен қызметкерлері күмәнді сөмке үшін эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай туралы мәлімет Instagram желісінде пайда болды. Бұл оқиға бүгін, сағат 12.40-та болған.

Реклама
Реклама

"102 пультіне күмәнді сөмкенің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаланың шұғыл қызметтері бірден оқиға орнына барды. Бірінші кезекте бизнес орталығы кеңселерінің қызметкерлері мен келушілері шұғыл эвакуацияланды", - деді полиция департаментіндегілер.

Полиция мәліметінше, сөмкенің иесі табылды. Ол оны ұмытып кеткен болып шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама