Алматыда Боралдай зиратынан өрт шықты

Алматыда Алатау ауданында Боралдай зиратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Алатау ауданында Боралдай зиратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде алматылықтар Боралдай зиратында өрт шыққанын хабарлады. Оксана Юсупова жариялаған видеода қабірлердің жанып жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Алматы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері сағат 12:30-да Алатау ауданындағы индустриалды аймақта зират маңында құрғақ шөп өртенгенін хабарлады.

"Өрт аумағы 1,5 гектар. Жалынды сөндіруге "Ермак" аспалы өртсөндіргіштерді, бекініс құрал-саймандары пайдаланды. Оған 22 адам мен төрт техника жұмылды. Өрт 14:28-де ауыздықталып, 15:11-де сөндірілді", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама