08 қыркүйек 2020 17:24

Алматыда бірнеше көлік жол апатына ұшырады

Дәурен Ерболат Журналист
Скрин видео

Алматы қаласы полиция департаменті Әуезов ауданында болған ірі жол апатының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы полиция департаменті Әуезов ауданында болған ірі жол апатының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Жол апаты Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Видеодан соғылған көліктерді, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келгенін көруге болады.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Массовое дтп на Толе би/Ауезова подробности уточняются... актуально на 13:58

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty) 8 Сен 2020 в 1:07 PDT

Алматы қаласы полиция департаменті жол апаты 8 қыркүйекте, шамамен түскі сағат 13.20-да болғанын атап өтті.

"Mersedes жүргізушісі Төле би көшесінің батыс бағытымен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан көлік автотұрақтағы Toyota Caldina, KIA Optima, Toyota Aristo маркалы автомобильдеріне соғылған. Сондай-ақ, Toyota Aristo инерция бойынша Toyota Camry көлігіне соғылған. Жол апатына күдікті Алматы қаласы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram