18 наурыз 2022 | 12:39

Алматыда бірнеше көшені су басты

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне қаладағы аудандарды су басқаны туралы 15 хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне қаладағы аудандарды су басқаны туралы 15 хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жаңбыр жауып, ауа райы нашарлайтыны туралы ескертуден кейін 18 наурызда сағат 9:45-те 112 желісіне 15 хабарлама түскен.

Сурет: ТЖД

Реклама
Реклама

Алатау ауданынан - 4 хабарлама, Жетісу ауданында - 5, Алмалы - 2, Бостандық, Медеу, Түрксіб, Наурызбай - бір-бірден. Барлық мекенжайда мердігер ұйымдар, аудандық Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр.

Тек Райымбек даңғылы бойындағы №230 үй маңындағы су басқан бір учаскеде "Алматы Тазалық" (үш техника, екі мотопомпа және 14 адам) күшімен 35 текше метр су шығарылды. Қазіргі уақытта қауіп жойылды, жағдай тұрақталды. Көшеде мониторинг жалғасып жатыр.

Наурыздың басынан бері Алматыда 87 миллиметр жауын-шашын түскені атап өтілді. Бұған дейін қалада жауын-шашыннан кейін жергілікті су басу бойынша 14 факт тіркеліп, әкімдіктер мердігер ұйымдары мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті барлық деректі жойды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram