19 шілде 2023 16:56

Алматыда дәрігерлер мопедпен жол апатына түскен жасөспірімді құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: №2 БҚКА баспасөз қызметі

Алматы қаласының №2 Балалар клиникалық ауруханасына 17 жастағы жігіт ауыр жағдайда түсті, дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен жасөспірімнің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №2 БҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының №2 Балалар клиникалық ауруханасына 17 жастағы жігіт ауыр жағдайда түсті, дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен жасөспірімнің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №2 БҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірім көлікке соқтығысқан. Мамандар біріктірілген полижарақатты, бас миының ауыр жарақатын, бас миының шайқалуы, жамбас сүйектерінің, сол жақ балтыры сүйектерінің сынуы, оң жақ тобықтың ашық сынуы, сол жақ тобық пен жамбас сүйектерінің жабық сынуы, сол жақ иықтың термиялық жанасу күйігі, қуықтың жарылуы, өкпе жарақаты, оң жақ пневмоторакс, жамбас мүшелерінің зақымдануы, 3 дәрежелі травматикалық шок алғанын анықтады.

Реклама
Реклама

Мұндай ауыр жарақаттардың салдары өлімге әкелуі мүмкін еді.

Жасөспірім ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатты. Оған бірнеше ота жасалды.

Операция кезінде дененің бірнеше аймағын қамтитын үлкен жарақаттарға байланысты ДВС синдромы (таратылған тамырішілік қоюлану синдромы) дамыды және операция үстелінде өлім ықтималдығы жоғары болды, №2 БҚКА тәжірибелі мамандары науқастың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Жедел жәрдем бригадасының, №2 БҚКА қабылдау бөлімшесінің, реанимация, анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесінің үйлесімді және жедел жұмысының, балалар ауруханасының хирургтары мен травматологтарының уақтылы және жоғары кәсіби жүргізген операцияларының арқасында тағы бір баланы аман алып қалды.

Алматы қаласының №2 БҚКА травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин балалар травматологтары үнемі жаңа балалар ойын-сауықтары мен жүріп-тұру құралдарымен байланысты жарақаттар алатынын айтты.

"Бұрын бұл велосипедтер болатын, 10 жылдан сәл аса уақыт бұрын бордтар, роллербордтар, скейтбордтар пайда болды. Жақында гироскутерлердің құлауына байланысты жарақаттар көбейді. Қазір электрсамокаттар мен мопедтер. Балалар ең ауыр жарақаттарды соқтығысу мен мопедтердің құлауынан алады. Көбіне олар аралас жарақаттар алады және жансақтау бөлімінде болады. Осының бәрі жол жүрісі қағидаларын білмеу, жылдамдық режимін сақтамау салдарынан болады. Ата-аналар баланың ісін мақұлдай бермей және бала жол жүру қауіпсіздігін меңгермейінше оларға мопедтер сатып алудың қажеті жоқ, жолға шығу неге қауіпті екенін айтып балалармен сөйлесіп, түсіндіргені, түнде жүруге рұқсат бермесе жақсы болар еді", - деп ескертті травматолог.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram