Алматыда дрифт жасаған жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматыда полиция жолда дрифт жасаған жүргізушіні іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда полиция жолда дрифт жасаған жүргізушіні іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Онда жеңіл көлік жүргізушісі жаңбырдан кейін тайғақ жолда дрифт жасағанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты әртүрлі пікір білдірді.

"Жүргізуші мықты екен", "Өзімшіл болмай, өзгелерді де ойласаңшы", - деп жазды олар.

"Мұндайға жол беруге болмайды. Бұл жол қозғалысының басқа мүшелеріне қауіп төндіреді. Осыған байланысты заң аясында шешім қабылданады. Жүргізушінің кім екені анықталады. Ол заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылады", - деді полиция қызметкерлері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама