02 ақпан 2023 | 09:38

Алматыда екі автобус соқтығысты

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда қалалық қоғамдық көлік желісінің екі автобусы соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалалық қоғамдық көлік желісінің екі автобусы соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2 ақпанда таңертең Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында, "Қазақфильм" киностудиясына қарама-қарсы жерде болған. №31 бағыттағы автобус №116 кішірек қоғамдық көліктің артқы жағынан соққан. Соққыдан №116 автобустың артқы әйнегі сынған.

Куәгерлер түсіріп алған видеоға қарағанда, автобустар аялдамада соқтығысқан.

Реклама
Реклама

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram