28 желтоқсан 2021 13:49

Алматыда екі автобус соқтығысып, 20-ға жуық адам зардап шекті

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан 20-ға жуық адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан 20-ға жуық адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Тәтібеков пен Серпер көшелері қиылысында жол-көлік оқиғасы болған.

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, №4 және №203 бағыттағы автобустар соқтығысқан. Олардың бірі аялдамада тұрған, ал екіншісі басқа көлікпен соқтығыспас үшін автобустың артынан соққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан 20-ға жуық жолаушы зардап шеккен.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы апат салдарынан зардап шеккендер №4 қалалық ауруханаға, сондай-ақ Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Алматыдағы №4 Қалалық клиникалық ауруханаға ЖМК бригадалары 1992, 1994 және 2000 жылы туған үш адамды жеткізген. Травматолог, нейрохирург дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қарап, Клиникалық-зертханалық зерттеулер жүргізілді. Олар ауруханаға жатқызудан бас тартты. Амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын нақтылап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram