1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

Алматыда пайдалануға берілмеген ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Скрин видео

Алматыда пайдалануға берілмеген ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, ғимарат Бостандық ауданы Радостовец көшесінде орналасқан. Өртсөндірушілер оқиға болған жерге таңғы сағат 6.34-те шыққан.

"Мамандар өрт болған жерге келген кезде пайдалануға берілмеген ғимараттың шатыры өртеніп жатқанын байқаған. Өртті сөндіруге 8 өрт оқпаны жіберілді. Түтін салдарынан ғимарат ішінде газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 бөлімі жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

Өрт толығымен таңғы сағат 08.36-де өшірілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!