08 қараша 2021 | 12:26

Алматыда екі қабатты үй өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Алматыда екі қабатты үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі қабатты үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, өрт 8 қарашада сағат 10:24-те шыққан. ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы Мирас ықшамауданы, 29/1 мекенжайына жедел шақыру бойынша барған.

Реклама
Реклама

"Келген кезде 280 шаршы метр аумақта салынып жатқан екі қабатты үйдің шатыры өртенгені анықталды. Өрттің тез таралуына оңай жанғыш конструкциялар себеп болған, - деді ТЖД өкілдері.

Жедел штаб құрылып, екі топ жұмыс істеген. Өрт 11.31-де оқшауланды. Үйдің бірінші және екінші қабаттары өрттен қорғалған. Сағат 11-58-де өрт толық сөндірілді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сурет: ТЖД баспасөз қызметінен

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram