16 желтоқсан 2018 09:17

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: 5 адам зардап шекті

Алматыда екі автокөліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлады СТВ телеарнасындағы  "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі автокөліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлады СТВ телеарнасындағы  "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Жетісу және Колпаковский көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Honda көлігі Жетісу көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан және белгісіз себептермен жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Highlander автокөлігіне соғылды.

Реклама
Реклама

Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, олардың біреуі - 2018 жылы туған бала. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram