08 тамыз 2022 10:57

Алматыда екі көлік соқтығысып, біреуі қоршауға шығып кетті

Сұлу Бөлек Корреспондент

Алматыда жол апаты салдарынан көлік жекеменшік үй қоршауына шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол апаты салдарынан көлік жекеменшік үй қоршауына шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға кеше түнде Түрксіб ауданында болған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды.

Реклама
Реклама

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 22.50 шамасында Honda маркалы автокөлігін тізгіндеген 2002 жылы туған К. есімді ер адам Енисейская көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.

"Папанин көшесі қиылысында 2.5 жол белгісі талабын орындамай, Папанин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Д. тізгіндеген Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде екі көлік те зақымданған", - деді Алматы ПД өкілдері.

Жүргізушілерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

"Олар ауруханаға жатудан бас тартты. Материалдарды Түрксіб ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері өндіріске алды", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram