04 қазан 2018 15:47

Алматыда екі қызды қағып кеткен BMW жүргізушісі ұсталды

Алматыда Райымбек даңғылының бойында екі қызды қағып кетіп, артынша оқиға орнынан қашқан BMW 525i  жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Райымбек даңғылының бойында екі қызды қағып кетіп, артынша оқиға орнынан қашқан BMW 525i  жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 жастағы Ермек Нәсіл 2018 жылдың 2 қазанынан бері уақытша қамау изоляторына жатыр. 

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы 2018 жылы 26 қыркүйекте 08:40-та болған еді. 

"Сол кезде оқиғаның кәугерлерінен жауап алынған еді, жергілікті жерлердің барлығы тексеріліп, бейнебақылау камералары қаралды. Осы қылмысты ашу үшін қалалық ІІД жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу шаралары барысында сол күні жол апатына ұшыраған BMW 525i маркалы автокөлігі табылды. Оның жүргізушісі бесінші ықшамаудандағы үйлердің бірінің алдына қойып кеткен. Сол сәтте жүргізушінің кім екені анықталды. Ол Алматы облысының 25 жастағы тұрғыны екені белгілі болды", - деді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков. 

Алматы ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта жүргізушіге ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі және ҚР ҚК 347-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram