03 қазан 2018 12:45

Алматыда ер адам әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүріп, онысын видеоға түсірген

видеодан үзінді

Алматы полициясы әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісінде жарияланды. Роликтен ережені өрескел бұзған жүргізушіге басқа көлік иелерінің жол беріп отырғанын көруге болады. 

Реклама
Реклама
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nazar Rollan (@nazarrollan) 27 Сен 2018 в 6:40 PDT

Сөйтсек, ол 2015 жылы түсірілген видеоны жариялаған. Онда ер адам кептелісті айналып өту үшін қарсы бағытпен жүруге мәжбүр екенін айтады. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nazar Rollan (@nazarrollan) 28 Сен 2015 в 6:44 PDT

Полициядағылар жол ережесін бұзған жігіттің жауапкершілікке тартылатынын айтады.

"Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері тексеру шараларына кірісіп кетті. Автор жариялаған осы видеода бірнеше жол жүру ережесі қатаң бұзылған. Әкімшілік заңнамаға сәйкес шара қолданылатын болады. Қазіргі уақытта оған іздеу жарияланды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Жол ережесін бұзған ер адамның парақшасында тағы бір видео жарияланды. Видеода жігіт асфальттың үстінде шанамен сырғанап жүргені түсірілген. Шана жүріп бара жатқан көлікке байланған.  

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nazar Rollan (@nazarrollan) 1 Окт 2018 в 8:07 PDT

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды