Алматыда ер адам көшеде екі тұрғынды пышақтап тастаған

Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған

Алматының орталығында ер адам екі тұрғынды пышақпен жаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының орталығында ер адам екі тұрғынды пышақпен жаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, 27 қазанда сағат 15:00 шамасында Дунаевский мен Жароков көшелері қиылысында жараланған ер адам сол маңнан өтіп бара жатқан адамдардан жедел жәрдем шақырып беруді өтініп, бейтаныс біреу пышақтағанын айтқан. Кейінірек тағы бір жаралы туралы белгілі болды, ол қансырап, Дунаевский көшесіндегі орындықта отырып қалған. Ол да белгісіз адамның құрбаны болған.

Алматы полиция департаменті мәліметінше, шабуылдарға қатысы бар күдікті ұсталған.

Реклама
Реклама

"Бостандық аудандық полиция басқармасы дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бейтаныс ер адамдар арасында жанжал болған", - деп хабарлады ведомство.

Шабуыл жасаушы мен зардап шеккендердің бір-бірін танымағаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама