19 ақпан 2020 | 20:29

Алматыда ер адамды көлік қағып кетті. Оқиғаның видеосы

Алматыда ер адамды көлік соғып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адамды көлік соғып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жол апаты Желтоқсан көшесінің бойында Мәметоваға жетер тұста болған. 

Реклама
Реклама

"Куәгерлердің айтуынша, жолдың бойында Foton маркалы көлік тұрған. Осы кезде солтүстік бағытта Toyota Camry жүріп келе жатқан. Жүргізуші бір қатардан екіншісі ауысқан", - деп хабарлады тілші.

Расталмаған мәлімет бойынша, көлік қаққан ер адам жүк тасушы болып жұмыс істейді. 

"Ол көліктен тауарды алып, дүкенге апармақ болған. Toyota Camry жүргізуісі бар жылдамдығымен Foton көлігінің есігін және оның алдында тұрған ер адамды қағып кеткен", - деп хабарлады тілші.

Жаяу жүргіншінің екі аяғы сынған, тағы да басқа көптеген жарақат алған, ол ауруханаға жеткізілген.

Фото мен видео "Территория происшествий" бағдарламасынан алынды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады