Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Фото:depositphotos.com

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLISIA.KZ мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLISIA.KZ мәліметіне сілтеме жасап.

"Еске салайық, кеше жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған болатын. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Реклама
Реклама

Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама