Алматыда "Жаңа Ялян" сауда үйі өртенді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматыда "Жаңа Ялян" сауда үйі өртенді Видеодан алынған кадр

Алматыдағы базарлардың бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы базарлардың бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 29 желтоқсанда түстен кейін "Ялян" базарында болды. ТЖД мәліметінше, 16.45-те базардағы контейнерлер жанып жатқаны туралы хабар түскен.

"Техника көмегімен "Жаңа Ялян" сауда үйінде өрт сөндіру бойынша жұмыс істелді. Екі контейнер өртеніп, үшіншісіне жалынның жоғары температурасы әсер етті. Көрші контейнерлерді сөндіру шаралары жасалып, газ түтінінен қорғау қызметі жұмыс істеді, от одан ары таралмауы үшін көрші контейнерлер ашылды", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Жарнама
Жарнама

 Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 21 минут ішінде тоқтатылып, 17.16-да ауыздықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама