Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігі бірнеше күнге жабылады

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Алматыда Жандосов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда Жандосов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

29 қараша сағат түнгі 00:00-ден 1 желтоқсан сағат 23:00-ге дейін Жандосов көшесі мен Пролетарская көшесі қиылысында кәріз желілерін жүргізуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Учаскені айналып өту нұсқасы: Солтүстік-батыс бағыт: Яссауи көшесі, Центральная көшесі Оңтүстік-батыс бағыт: Шаймерденов көшесі, Ықылас көшесі, Дәуленов көшесі.

Реклама
Реклама

Бұл учаскедегі жұмыстар 40 мың тұрғыны бар Наурызбай ауданында 6,5 шақырымға жететін магистральды кәріз желілерін салу бойынша ауқымды жобаның аясында жүргізіледі.

"Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жолда жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама