09 қараша 2022 | 16:01

Алматыда жантүршігерік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазнет қолданушылары Алматыдағы ірі жол апатын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео танымал Instagram-пабликтерде жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнет қолданушылары Алматыдағы ірі жол апатын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео танымал Instagram-пабликтерде жарияланды.

Кадрларға қарағанда, Toyota Corolla көлігі Жұбанов көшесінің бойымен асқан жылдамдықпен келе жатқан және қарсы жолаққа шыққан. Кейін осы кезеде бағдаршамда тұрған Mazda көлігіне бар жылдамдықпен келіп соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, Mazda көлігінің сау-тамтығы қалмаған. Мазда жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.

Toyota көлігінің жүргізушісі 74 жастағы зейнеткер болған. Қаза болған Mazda жүргізушісі 51 жаста. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады.

Реклама
Реклама

"Биыл 6 қарашада сағат 14:25-те жүргізуші, 1948 жылы туған П. Жұбанов көшесімен батыс бағытта Toyota Corolla маркалы көлігімен келе жатып, 1971 жылы туған А. есімді ер адам тізгіндеген Mazda маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Осы ЖКО салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

"Toyota Corolla" автокөлігі жүргізушісінің жасын, сондай-ақ оның сау және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетпеуін ескере отырып, оған қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Олжас Шәріпов.

Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram