Алматыда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

видео кадры

Алматыда Honda көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, жол белгісімен соқтығысты. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Honda көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, жол белгісімен соқтығысты. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда, Honda жүргізушісі алда келе жатқан көлікті басып озғысы келген. Маневр жасаған кезде ол көлікті тізгіндей алмай, жолдан шығып кетіп, жол белгісіне соғылған.

Реклама
Реклама

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты Медеу ауданында түнгі сағат 22.30-да болған.

"Көлік жүргізушісі солтүстік бағытта шығыс айналма жолмен жүріп, тізгінді басқара алмады, жол жиегіндегі тасқа соғылды. Содан кейін арыққа құлады. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлікке механикалық зақым келді. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жол апатын тергеуге Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама