Алматыда жарылыс салдарынан жекеменшік үй опырылып, ер адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда жарылыс салдарынан жекеменшік үй опырылып, ер адам қаза тапты видео кадры

Алматыда жеке үйде газ ауа қоспасы жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жеке үйде газ ауа қоспасы жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан адам қаза тапқан.

Жарнама
Жарнама

"2 маусымда сағат 13:55-те Алатау ауданы Шапағат шағынауданы Биянху көшесіндегі үйдің бөлшектерін қарау кезінде 1949 жылы туған К.-нің денесі табылды. 1980 жылы салынған үй газ-ауа қоспасы жарылуы салдарынан опырылғаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін әкімдік, ТЖД, кинологиялық қызметтер және ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының, Алматы қаласының 109 құтқару қызметінің, Апаттар медицинасы орталығының, сондай-ақ, қаланың өзара іс-қимыл қызметінің өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды.

Суреттер: Алматы ТЖД

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама