ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2021 | 11:56
Алматыда жасөспірім бір аптадан аса уақыт іздестіріліп жатыр
Алматыда 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті. Іздестіру жұмыстары бір аптадан аса уақыт жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті. Іздестіру жұмыстары бір аптадан аса уақыт жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еріктілер тобы 2007 жылы туған Артем Зайцев 16 наурызда түстен кейін үйден шығып, қайта оралмағанын хабарлады.
"Сағат 11.00 шамасында ол Өтепов көшесінде орналасқан үйден шықты. Белгілері: бойы - 165 сантиметр, дене бітімі - орташа, көзі қоңыр, шашының түсі ашық, қысқа. Үстінде қара-жасыл сырт киім, қара жемпір, қара шалбар және ақ түсті аяқ киім болған", - деді белсенділер.
Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы Зайцевті іздеу ісі қозғалғанын хабарлады.
"Жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамында криминал, ювенал полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар бар. Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалған жағайлар болған.
Жасөспірімді қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық мекемесінде көрген адамдар туралы ақпарат түсті. Ол қайыр сұрап жүрген. Қазір барлық ақпарат мұқият тексеріліп жатыр. Расталса, міндетті түрде баланы өз бақылауымызға алып, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз", - деп хабарлады Бостандық ауданы полиция басқармасының бастығы подполковник Думан Аухадиев.
Артем Зайцев туралы кез-келген ақпаратты білетін адамдардан анасы Светланаға 8 707 582 31 96 нөміріне немесе полицияға 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также