Алматыда жасөспірім егде адамды видео үшін соққыға жыққан

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда жасөспірім видео үшін көшедегі егде адамды ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жасөспірім видео үшін көшедегі егде адамды ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жігіттің қарт кісіге жақындап, бетінен бірнеше рет ұрған, содан кейін ер адам жерге құлап түскен видеосы пайда болды. Мұның бәрін тағы біреуі видеоға түсіріп тұрған.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылған!

Реклама
Реклама

Алматы полициясы деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне тіркеп, тергеп жатқанын хабарлады.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама