12 маусым 2022 | 14:00

Алматыда жасөспірім Есентай өзенінен құтқарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда арнайы жедел әрекет ету отрядының жаяу патруль жауынгері 14 жастағы баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда арнайы жедел әрекет ету отрядының жаяу патруль жауынгері 14 жастағы баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы Роман достарымен бірге Есентай өзенінің жағасында болған.

Бала парапет арқылы қарсы жағаға өтуге тырысқан. Бірақ, өкінішке қарай, сүрініп кетіп, суға құлаған. Осы кезде оқиға орнында арнайы жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев бастаған жаяу отряд тәртіп сақшыларының кезекшілігін атқарып жүрген. 

Реклама
Реклама

Батып бара жатқан баланы көріп, аға лейтенант Тортай бірден суға секірген. Баланың жағдайы жақсы. Ол ата-анасына тапсырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная