ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 ақпан 2020 10:02
Алматыда жасөспірім қыздарды жол жиегінде көлік қағып кетті: бірінің жағдайы ауыр
Алматыда Зерделі шағын ауданында Мөңке би көшесінде екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Lada жүргізушісінің айтуынша, ол тайғақ жолда көлігін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Осы уақытта сол жерден екі жасөспірім қыз кетіп бара жатқан. Ал жүргізуші бұрылып үлгере алмай, оларды қағып кеткен.
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі ауыр халде.
Жағдайды полиция анықтап жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу