15 желтоқсан 2019 | 11:07

Алматыда жатақханадағы өрт кезінде ер адам қайтыс болды

Алматыда жатақханадағы өрт кезінде ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жатақханадағы өрт кезінде ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент баспасөз қызметінің өкілдері Әуезов көшесіндегі өрт туралы хабар 14 желтоқсанда 17:45-те түскенін айтты. Арнайы мамандар оқиға орнына келген уақытта төрт қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бөлме өртеніп жатқанын анықтаған. 

Реклама
Реклама

Қатты түтіннен тұрғындар сыртқа атып шыққан. Өрт сөндірушілерді жолдан көріп, пәтерде адам бар болуы мүмкін екенін айтқан. Өрт сөндірушілер адамды алып шығу үшін терезеден кірген", - делінген ТЖД хабарламасында. 

Өрт сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылған, оның кім екені анықталып жатыр. Өрт басқа бөлмелерге көшіп үлгермеген. Қауіпсіздік мамандары келген соң өрт 4 минутта ауыздықталып, 15 шаршы метрді шарпыған өрт 10 минутта толықтай сөндірілген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная