ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2021 | 11:28
Алматыда жекеменшік үй өртенді
Алматыда жекеменшік үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жекеменшік үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының жоғары жағынан қою қара түтіннің видеолары пайда болды.
Мәлімет бойынша, өрт Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында болған.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 4 қазан сағат 06: 44-те өрт сөндіру топтары Алмагүл ықшам ауданы, Дружба көшесі, 38 үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар алды.
"Өрт сөндіру бригадасы келгеннен кейін жеті минут ішінде тұрғын үйдің бірінші қабатының ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің көрші үйлерге таралу қаупі болды. Ағаш қабықтары мен жанғыш, оқшаулағыш заттардың әсерінен өрт тез таралды", - деп хабарлады ТЖД.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт бір сағатқа жетпей, сағат 07:38 -де оқшауланды. Дәл 08:00-де толық өшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 9 техника мен 30-дан астам жеке құрам жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің көрші үйлер мен ғимараттарды қорғауға алғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также