ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2024 | 16:35
Алматыда жер астынан ыстық су атқылап жатыр
Алматыда магистраль жылу құбыры жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда магистраль жылу құбыры жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Төлебаев көшесі бойында жерден ыстық су атып, бу шығып жатқан видео пайда болды.
"Алматы жылу желілері" ЖШС Алматыда Медеу ауданындағы Төлебаев және Әйтеке би көшелері қиылысында өтетін учаскеде магистраль жылу құбыры жарылғанын хабарлады. Апат сағат 13:40-та диаметрі 400 миллиметр болатын құбырда болған.
Құбырды "Алматы жылу желілері" ЖШС жедел бригадасы жөндеп жатқаны айтылды. Апаттың алдын ала себебі 1985 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбырдың табиғи тозуы.
"Істен шыққан жылу желісі сегментін ауыстыру бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қонаев - Қазыбек би - Панфилов - Әйтеке би көшелері шаршысындағы ғимараттарға ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады жылу желілерінде.
Сағат 23:00-ге дейін жылу беруді қалпына келтіру жоспарланғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также