07 қараша 2018 19:48

Алматыда жігіт автобуста егде жастағы ер адамға жұдырық ала жүгірді

Видеодан алынған кадрлар

Алматыда жігіт автобуста егде жастағы ер адамға жұдырық ала жүгірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жігіт автобуста егде жастағы ер адамға жұдырық ала жүгірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен. Оқиға автобус салонында болғанға ұқсайды. Қоғамдық көлік аялдамаға келіп тоқтағанда жігіт егде жастағы ер адамды итеріп, соққыға жыға бастаған. Куәгерлер оны тыныштандыруға тырысты.

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда Алматы полицейлері оқиғаға қатысқан адамдарды іздестіріп жатыр.

"Бұл дерекке қатысты жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаға қатысқан адамдардың кім екенін анықтап жатыр, сонымен қатар, оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Оның нәтижесі бойынша, құқықбұзушының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу ретінде - заңға сәйкес шаралар қолданылады. Айта кетейік, бұл дерекке қатысты полицияға ешкім арызданбаған", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Әлеуметтік желіде бұл оқиғаға қатысты ақпарат пайда болды, онда оқиғаның 57-бағыттағы автобуста болғаны айтылған. Куәгерлердің айтуынша, кондуктор егде жастағы ер адамға жұдырық ала жүгірген.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram