ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 маусым 2020 15:02
Алматыда жоғалған Әсел Панарғалиеваның денесі табылды
Алматы тауларында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл мәліметті ҚР ІММ ТЖК жедел-құтқару жасағының өкілдері растады.
Ведомство мәліметінше, қыздың денесі кеше, 31 мамырда Космостанция аумағында табылған. Tengrinews.kz тілшісі толығырақ мәлімет алу үшін Алматы қалалық полиция департаменті мен ТЖК өкілдеріне сауалхат жолдады.
Еске салайық, Әсел Панарғалиеваны іздестіру жұмыстары 6 айдан аса уақытқа созылған. Ол былтыр 9 қарашада үйден кетіп, сол күйі оралмаған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу