Биыл қарашада Алматыда жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін жоғалған азаматқа қатысты бағыттаманы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жариялаған болатын.
1991 жылы туған Дүйсебеков Аяз Қошымбекұлы 25 қарашада жоғалып кеткен. Ол күндіз шамамен сағат 12:00-де үйінен шығып кеткен. Тұрғын үйінің мекенжайы: Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 210/7-үй.
Белгілері: бойы 165–170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр.
Киген киімі: көк түсті күртеше, көк түсті худи, сұр шалбар, қара кроссовка.
Ер адамның 22 желтоқсанда өлі табылғаны хабарланды. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!