21 қазан 2021 | 09:06

Алматыда жоғалып кеткен бала Боралдай маңында камераға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© almaty.tv

Алматыда жоғалып кеткен сегіз жастағы мектеп оқушысы Клим Пурыгин "Сергек" көше камерасына түсіп қалған, кейін аман-сау табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жоғалып кеткен сегіз жастағы мектеп оқушысы Клим Пурыгин "Сергек" көше камерасына түсіп қалған, кейін аман-сау табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған бала түсірілген видео "Алматы" телеарнасының редакциясына келген. Кадрларда баланың көшеде қалай алаңсыз жүргені көрінеді. Телеарнаның хабарлауынша, камера оқушыны Боралдай маңында түсірген.

Сәрсенбі күні кешке, сағат 20:28-де Алматы полиция департаменті баланы тауып, ата-анасына тапсырғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Бала табылды, аман-сау, қызметкерлер ата-анасына тапсырады. Кетіп қалуының себебін "серуендегім келді" деп түсіндірді. Кәмелетке толмаған бала және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі", - деп хабарлады ведомствода.

Еске салайық, оқушы 20 қазанда таңертең жоғалып кетті. Бала ата-анасы ұйықтап жатқанда үйден кетіп, қайтып оралмаған. Ол Наурызбай батыр және Мақатаев көшелерінің қиылысындағы үйден шығып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная