1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз басқа қаладан табылды

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз Зоя Юркова Есік қаласынан табылды. Бұл туралы LIDER.KZ қауымдастығының еріктілері Instagram-парақшасында

Зоя Юркова. Фото отбасылық мұрағаттан

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз Зоя Юркова Есік қаласынан табылды. Бұл туралы LIDER.KZ қауымдастығының еріктілері Instagram-парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18.09.2021 жылы сағат 02.23-те еріктілер іздестіру жұмыстарын тоқтатып, Алматыға шықты. Қызды Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері Есік қаласында тапты. Тірі, аман-сау ата-анасына тапсырылды, енді міндетті түрде үйіне - Қарасай ауданына барады.

Іздеуге қатысқан және ақпарат таратқан барлық адамға алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, оқушы қыз 16 қыркүйекте кешкісін жоғалып кеткен. Ол Докучаев көшесі, 91а мекенжайында орналасқан №91 мектептен кетті. Оның қайда екені белгісіз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!