ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қараша 2019 | 09:16
Алматыда жол апаты болды: автобус жүргізушісі өзін жайсыз сезінген
Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, № 44 автобус Шаляпин көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Момышұлы көшесіне жақындаған маңда автобус жүргізушісі өзін жайсыз сезінген. Ол қоғамдық көлікті басқара алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, жол белгісін қаққан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.
© "Территория происшествий"
Показать комментарии
Читайте также