ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 желтоқсан 2024 10:15
Алматыда жол апатына түскен көлік аударылып қалды
Алматыда жол апаты салдарынан көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 8:30-да Алматының Бостандық ауданында болған.
"Geely автокөлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта, Сәтбаев көшесінің солтүстігінде келе жатып, жолағын ауыстырып жатқанда, Toyota көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Geely аударылып қалды. Зардап шеккендер жоқ", - деді полиция қызметкерлері.
Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті. Оқиғаның басқа да мәліметтері анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу