19 желтоқсан 2018 11:11

Алматыда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Renault автокөлігінің жүргізушісі Mitsubishi автомобилімен соқтығысып, қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Renault автокөлігінің жүргізушісі Mitsubishi автомобилімен соқтығысып, қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 18 желтоқсанда Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Renault жүргізушісі Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан, ал Mitsubishi солтүстік бағытта. Renault жүргізушісі Баянауыл көшесіне солға бұрылмақшы болған уақытта, екі көлік соқтығысқан. 

Реклама
Реклама

Соққы салдарынан Renault автокөлік Сүйінбай даңғылының солтүстік бағытына түсіп, ары қарай бетондалған шам бағанасына соқтығысқан. Mitsubishi болса оңға шығып кетіп, бордюрден асып, жарнама билбордына соқтығысқан. Сонымен қатар, жапониялық көлік флагштогты қиратқан. 

Жол апаты салдарынан Renault автокөлігінің 1960 жылғы жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. 


© "Территория происшествий"

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram