Алматыда жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

видео кадры

Алматыда 13 ақпанда Mercedes жүргізушісі ер адамды қағып кетті. Жол апаты болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 13 ақпанда Mercedes жүргізушісі ер адамды қағып кетті. Жол апаты болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы кешкі сағат 9 шамасында Жетісу ауданында болған. Куәгерлер түсіріп алған кадрларда жерде қанға боялған ер адам жатқаны көрінеді.

Бейнежазбадағы жантүршігерлік көріністі этикалық себептерге байланысты жарияламаймыз.

Реклама
Реклама

"Mercedes жүргізушісі Назарбаев даңғылы бойымен келе жатып, алдын ала мәлімет бойынша, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 1984 жылы туған зардап шегуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама